Қазақстан АЭС салса Ресей көмектесуге дайын – Путин

1073

Путиннің айтуынша, АЭС-тың ауаның ластануына келтіретін зияны өте аз.

Қазақстан АЭС салса Ресей көмектесуге дайын – Путин

Ресей Қазақстанда АЭС салып, осы салада республикаға басқа да қолдау көрсете алады, деп мәлімдеді РФ Президенті Владимир Путин 30 қыркүйекте өткен XVII Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Ресей біздің серіктестерімізге, соның ішінде қазақстандық серіктестерге атом электр станцияларын салуға және оны пайдалануға жәрдемдесуді ұсынады. Егер сіздер олардың құрылысы туралы шешім қабылдайтын болсаңыз", – деді Путин өз сөзінде.

"Қазақстанда ресейлік дизайнмен салынған АЭС туралы айтып отырмын", – деді Ресей басшысы. Сонымен қатар ол саланы құру және мамандарды оқыту жағын да сөз етті.

"АЭС-тың ауаның ластануына келтіретін зияны өте аз", – деп сөзін түйідеді Путин.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Көкшетау қаласында онлайн-форматта екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Бұл іс-шара – екі мемлекет арасындағы өңірлік ықпалдастық бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу