Қазақстан АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ – Энергетика министрлігі

1016

Елімізде жаңа атом электр станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол бастаманы қолға алу үшін елде қажеттілік болу керек. Ал қазір электр қуатына тапшылық әзірге сезіліп отырған жоқ. Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстан АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ – Энергетика министрлігі

Дегенмен, қазір АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей және басқа да елдердің реакторлық технологиялары зерттеліп жатырғанын жеткізді.

Аталмыш мәселе жыл басынан бері қызу талқыланып келеді. Ол үшін тіпті Алматы облысындағы Үлкен аулынан жер телімін сайлап та қойған еді. Бірақ нақты шешім болмағандықтан, Энергетика министрлігі бұл мәселені кейінге шегере салған. Осыны ескерген президент Қасым-Жомарт Тоқаев та маусым айында мұндай құрылыстың жоспарда жоқ екенін ескертті.

Осыдан бір апта бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатомның" Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын екенін мәлімдеді. Ал ұсыныстың өзін екі жыл бұрын Владимир Путин Мәскеуде Қазақстан Президенті Тоқаевпен келіссөздер жүргізу кезінде айтқан болатын.

Ел билігі атом электр стансасын салу туралы соңғы шешімді ел тұрғындарымен бірлесіп қабылдайтындарын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу