Қазақстан әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы бестікке енеді, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгінде еліміздегі нәзік жандылардың 49 пайызы жұмыс істейді. Шағын және орта бизнестің 60 пайыздан астам бөлігін әйелдер басқарады. Бұл туралы іскер әйелдердің дәстүрлі конгресі барысында кеңес төрайымы Ләззат Рамазанова мәлімдеді.
Жиында өңірлік және аудандық кеңестердің өкілдері бас қосты. Олар осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақыттың мақсат-міндеттерін айқындады. Сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, тиімді басқаруды қалыптастыру және отандық бизнеске заманауи инновациялық жобаларды енгізу жайын талқыға салды.
"Мен 30 жыл мемлекеттік қызметте істеп, зейнеткерлікке шыққанда екі жылдың көлемінде айналысып жатырмын. Бұрыннан да менің ойымда жүрген ұлттық нақыштағы өзіміздің бұйымдарды қолдан жасап шығару. Мен қойдың жүнін қайтап өңдеу және ұлттық нақыштағы бұйымдарды шығару бойынша қазір кәсіпті бастап айналысу үстіндемін", – дейді кәсіпкер Надежда Шәкәрбаева.