Қазақстан әйелдер құрамасы Algarve Sevens турнирінің күміс жүлдегері атанды

514

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропада қатарынан екінші халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы Algarve Sevens турнирінің күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Турнирге Португалияның командаларынан бөлек, Франция, Англия, Испания, Гонконг құрамалары және Еуропаның басқа да елдері қатысқан. 12 ұжым жиналған турнирде Анна Яковлева жаттықтыратын Қазақстан қыздары үздіктер тобында өнер көрсетті.

Өз тобында алдымен дәл осы турнирдің 2019 жылғы жеңімпазын оңай жеңген жерлестеріміз одан кейінгі ойындарды да сәтті өткізіп, еш қиындықсыз финалға шықты.

Алайда чемпиондық кездесуде Франция аруларынан жеңіліп, күміс медальді қанағат қылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу