Қазақстан аймақтарында британдық білім беру стандарттарының ауқымы кеңейтілуде

181

Жоғары стандарттағы алғашқы білім ордалары бүгінде Астана қаласында ашылған, десе де өңірлерде де ашу жоспарда тұр. 

Қазақстан аймақтарында британдық білім беру стандарттарының ауқымы кеңейтілуде Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беруді интернационалдандыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Primus Education ірі инвестициялық холдингі Қазақстанда британдық білім беру стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Президент Алистер Бартоломью KGIR-2025 алаңдарында бұл жұмыс тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар өңірлік дамуға да бағытталатынын атап өтті.

Оның айтуынша, бірлескен жобалар қазақстандық жастарға тікелей өз елінде халықаралық білім алу мүмкіндіктерін ұсына отырып, адами капиталды сақтауға бағытталған. Мұндай мүмкіндік мектеп деңгейінде де, университет деңгейінде де бар.

"Олардың қызығушылығы мол, ынтасы зор, рухы өршіл, сондықтан да осының барлығын ағылшын білімімен үйлестіре түсу шын мәнінде жетістіктер тарихына бастайды", – деп атап өтті Алистер Бартоломью.

Жоғары стандарттағы алғашқы білім ордалары бүгінде Астана қаласында ашылған, десе де өңірлерде де ашу жоспарда тұр. Шымкент, Ақтау, Қарағанды қалаларынан оқу орындарын ашу қарастырылуда.

"Біз Қазақстанда адами капиталды сақтауға тікелей көмектесеміз. Жастар мектеп деңгейінде де, университет деңгейінде бастапқыда өз елінде отырып халықаралық деңгейдегі білімді ала алады. Бұл олардың болашағы үшін өте маңызды", – деп атап өтті Primus Education президенті Алистер Бартоломью.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу