Қазақстан академиялық хаб құруда белсенді жұмыс жүргізіп келеді – Мемлекет басшысы

160

Астанада "Conneсted-2024" халықаралық конференциясы өтті.  

Қазақстан академиялық хаб құруда белсенді жұмыс жүргізіп келеді – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Президент әлемде жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты ауқымды сын-қатерлер пайда болып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform порталына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының конференция қатысушыларына арнаған құттықтауын оқыды.

"Қазір әлемде жаңа технологиялар мен жасанды интелектінің қарқынды дамуына, ауа райының және қуат көздерінің өзгеруіне байланысты ауқымды сын-қатерлер пайда болуда. Осы ретте мемлекеттердің жан-жақты және тұрақты өркендеуі үшін білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор. Сол себепті Қазақстан шетелдің беделді жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып академиялық хаб құру жолында белсенді жұмыс жүргізіп келеді", - делінген құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Conneсted-2024 конференциясы ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық байланысын бекемдеуге, білім беру және адам капиталын дамыту саласына тың тәсілдер ашуға жол ашады деп сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу