10 жылдан бері жалғасып келе жатқан даудың жаңа қыры ашылды. Қазақстанды сотқа берген молдовалық әкелі-балалы Статилердің талабы шектелді. Бұл жайында Әділет министрлігінен белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Күні кеше "Вашингтон соты бизнесмендердің арызын орынды деп тауып, Қазақстанға әлемнің түпкір-түпкіріндегі активтерін көрсетуді бұйырды" деген ақпарат таралған. Анықталғандай бұл жалған мәліметті Статилердің өздері таратқан көрінеді. Тіпті сол АҚШ соты өткен 11 тамызда кәсіпкерлердің сұрауын негізсіз деп танып, еліміз жайындағы ақпараттарды ашу туралы талабын шектеп, олар сұраған мәліметтерді 4 есе қысқартқан.