Қазақстан ақша жымқыруға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобында бақылаушы атанды

490

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінде хабарлады. 

Қазақстан ақша жымқыруға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобында бақылаушы атанды Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Канадалық Ванкуверде жыл сайынғы ақша жымқыруға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобының (АТТ) отырысы өтеді (9-14 шілде аралығында). Оған агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков бастаған ҚР ҚМА делегациясы қатысады, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Осы жылдың 11 шілдесінде жалпы отырыс шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан осы ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан — қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) толыққанды мүшесі.

Бақылаушы мәртебесін алу Қазақстан Республикасына АТТ іс-шараларына қатысуға құқық береді, бұл өз кезегінде ТҚ/АЖҚК саласындағы үрдістер мен жағдайлық зерттеулер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және осы өңірдің елдерімен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Мұндай мәртебе қазақстандық сарапшы-бағалаушылардың АТТ елдерінің өзара бағалауына қатысуына мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Агенттік ішкі және халықаралық деңгейде "жымқыруға қарсы" жүйені тиімді ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.

Аталмыш пленарлық отырыста Қазақстан Республикасымен қатар БАӘ АТТ-ның бақылаушысы мәртебесін алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу