Қазақстан Албания, Доминикан, Парагваймен визалық талаптардан босату туралы келісім жасады

471

Қазақстан делегациясының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуы жалғасуда.

Қазақстан Албания, Доминикан, Парагваймен визалық талаптардан босату туралы келісім жасады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы (ТШАДУТ) министрлерінің жыл сайынғы кеңесінде сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес тақырыбы – "COVID-19 пандемиясынан кейін 2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету және 2024 жылы Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер бойынша БҰҰ конференциясының Үшінші кеңесіне серпін арттыру". БҰҰ-ның осы тобына 32 мемлекет кіреді.

Аумағы бойынша теңізге шыға алмайтын ең үлкен ел Қазақстан ТШАДУТ тобының жұмысына белсенді қатысады және бір жыл бұрын оның төрағасы болған.

Мұхтар Тілеуберді Доминикан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Роберто Альвареспен, Албания сыртқы саяси ведомствосының басшысы Олта Джачкамен, Парагвай сыртқы саяси ведомствосының басшысы Хулио Рамиреспен келіссөздер жүргізді.

Доминикан Республикасымен келіссөздер қорытындысы бойынша ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге, ал Албаниямен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу