Қазақстан - әлемдегі бағаланбаған туристік бағыт

678

Британдық танымал журнал Қазақстан туралы мақала жазды,  деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан - әлемдегі бағаланбаған туристік бағыт Фото: google

Шетелдік басылым Қазақстан туризміне баға беріп, баруға болатын ең қызықты өлкелерге шолу жасаған. Материал Condé Nast Traveller танымал халықаралық басылымында "The most Breathtaking Places to Visit in Kazakhstan" деген атаумен жарыққа шықты.

 Авторлар Алматы, Бурабай, Астана, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытаудың әсем табиғатын егжей-тегжейлі көркем сипаттайды. Ұланғайыр атыраптағы тұмса табиғат шетел журналистерінің пікірінше жаһандық туризмде әлі лайықты бағасын алмаған.  Бұл ретте, Қазақстан әлемдегі бағаланбаған туристік бағыттардың бірі, деп атап көрсетеді.

"Бұған дейін Қазақстан танымал curly tales сайтының нұсқасы бойынша қолжетімді демалыс бойынша ТОП-10 елдің қатарына кірді. Әлемдік басылымдар Қазақстанға барған сайын назар аударып, туристердің Қазақстанға келуіне ұсыныс жасайтыны қуантады. Біз отандық және шетелдік туристердің жайлы демалысы үшін жағдай жасап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", - дейді ҚР МСМ вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу