Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер тізімінде 38 орынды иеленді. Мұндай рейтингті Швейцарияда орналасқан халықаралық менеджментті дамыту институты жасаған, деп хабарлайды Atameken Business.
Тізімді негізінен экономикалық белсенділік, үкімет тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторларды бағалап, жан-жақты зерттеп соның нәтижесінде шығарған.
Айта кетсек, жалпы зерттеуге 63 мемлекет қатысып, бірінші орынды АҚШ алды. Одан кейінгі орындарда Гонконг, Сингапур, Нидерланды, Швейцария жайғасқан. Ал, көршілес Ресей болса 45, Украина 49 сатыға тұрақтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу