Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

106

Қазақстан бір жыл ішінде 10 сатыға жоғарылаған.

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді Фото: canva

Қазақстан World Happiness Report 2026 рейтингінде 33-орынды иеленіп, өз тарихындағы ең жоғары нәтижеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жыл сайын БҰҰ, Оксфорд университеті және Gallup қатысуымен жасалатын зерттеуде 147 ел қамтылған. Бағалау тұрғындардың өмірге қанағаттану деңгейіне негізделеді. Қазақстан орташа 6,633 балл жинап, ТМД және Орталық Азия елдері арасында көш бастады. Сонымен қатар Франция мен Сингапурдан озып, өмір сапасы тек экономикалық көрсеткіштерге ғана тәуелді еместігін көрсетті.

Рейтинг табыс деңгейі, әлеуметтік қолдау, өмір ұзақтығы, таңдау еркіндігі, жомарттық және жемқорлықты қабылдау сияқты факторларға негізделген. Әлемдік тізімде көш басында бұрынғыдай Финляндия тұр.

Сарапшылар Қазақстанның жоғарылауын қоғамдағы әлеуметтік ахуалдың жақсаруы және өмірге қанағаттанудың артуымен байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу