2025 жылғы Global Passport Power Rank рейтингісі бойынша әлемдегі ең мықты төлқұжаттар тізімі жарияланды. Тізімде Қазақстан Таиландты артта қалдырып, жоғары орынға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Passportindex.org басылымына сілтеме жасап.
Рейтинг виза талаптары мен безвизалық кіру мүмкіндігін ескере отырып жасалған. Қазақстан бұл рейтингте 95 елдің арасында 52-орынды иеленіп, Гайана мен Таиландтың аралығына орналасты.
Қазақстан паспортымен 46 елге визасыз кіруге болады, 50 елде виза шекарадан беріледі, ал қалған 102 елге алдын ала виза алу қажет. Осылайша, Қазақстан паспортының мобильдік көрсеткіші 95 балды құрайды.
Рейтингтің көш басында Біріккен Араб Әмірліктері тұр, ол 180 балл жинаған, себебі БАӘ азаматтары үшін 133 елге визасыз кіру мүмкіндігі бар. Екінші орында Испания (179 балл), ал үшінші орынға бірден 14 еуропалық ел ие болған.