Қазақстан әлемдегі интернет бағасы ең арзан елдердің бірі

1164

Оның құны қазақстандықтардың орташа айлық табысының 1,6%-ын ғана құрайды.

Қазақстан әлемдегі интернет бағасы ең арзан елдердің бірі

Қазақстан және жалпы ТМД мемлекеттері әлемде мобильді интернет бағасы ең арзан елдер болып есептеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Тұрақты интернет құны бойынша Қазақстан да алғашқы он елдің қатарына кіреді. Әртүрлі бағалау және талдау жүйелеріне байланысты деректер аздап ерекшеленеді. Бірақ оның барлығында Қазақстандағы интернеттің құны әлемдегі ең төмендердің бірі болып табылады.

Осылайша, сарапшыларының бағалауы бойынша, интернетке қол жетімділік индексінде еліміз 167 елдің арасында кең жолақты интернет-пакеттің орташа айлық құны бойынша 7-орында тұр. Бұл бар болғаны 11,5 доллар.

Рейтингте Украина көш бастап тұр (әр интернет-пакет үшін айына орта есеппен 7,2 доллар). Ең нашар көрсеткіштер Мавританияда (айына 773,2 доллар).

Ал халықтың табысына қарай қолжетімділік бойынша рейтингте ең жақсы көрсеткіштер Ресей мен Румынияда тіркелді. Мұнда орташа айлық интернет пакеті жан басына шаққандағы орташа айлық табыстың небәрі 0,9-1%-ын құрады (табыс бойынша деректер – WorldData.info).

Қазақстан да алғашқы үштікке енді. Елдегі ай сайынғы тіркелген интернет пакеті орташа айлық табыстың 1,6%-ын ғана құрайды.

Израиль де ең жақсы көрсеткіштерге ие. Аталған ел интернет құны бойынша небәрі 33-орында (айына орта есеппен 24,5 доллар). Бірақ бұл елдегі интернет пакеті халықтың орташа табысының 0,7%-ын ғана құрады. Ең нашар көрсеткіш Мавританияда. Мұнда орташа интернет-пакет құны жан басына шаққандағы орташа табыстан 6 есе дерлік асып түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу