Халық арасында қоршаған орта мен "жасыл" экономикаға ұқыпты қарауды дәріптеу мақсатында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы әлемде мойындалған бірқатар экологиялық акцияларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ortcom.kz.
2018 жылдың 24 наурыз күні сағат 19:00 - 21:30 аралығында "Mega Silk Way" СОСО-да "Жер сағаты" халықаралық акциясы ұйымдастырылады. Бұл туралы "Жасыл" экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова айтты.
"Биылғы жылы акция энергетика министрлігінің қолдауымен еліміздің облыстық маңызы бар барлық ірі қалаларында өтеді. Жер сағаты – бұл планетадағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған әлем бойынша 175-тен астам елден 2 миллиардқа жуық адам және шамамен 7 мың қала қатысады", – дейді ол.