Қазақстан әлемнің 182 мемлекетінен зат сатып алады

973

Сондай-ақ дүниежүзінің 122 еліне тауар экспорттады.

Қазақстан әлемнің 182 мемлекетінен зат сатып алады

2021 жылы Қазақстан шетелден шамамен 41,2 млрд долларға тауар тасымалдады, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір жыл ішінде шетелден импортталған өнімнің құны 5,8%-ға өсті, ал транзакциялардың жалпы көлемі соңғы 7 жылдағы максимумға жетті.

Қазақстанға әлімнің 182 елі өз тауарларын сатты, бірақ негізгі жеткізуші Ресей болып табылады, оның үлесіне транзакциялардың үштен бірі (17,3 млрд доллардан астам, +25,8%) келеді.

2021 жылы Қазақстан дүние жүзінің 122 еліне тауар экспорттады. Дегенмен 63 жағдайда сату көлемі 10 млн доллардан аспады. Оның ішінде 37 елге экспорт 1 млн доллардан аз болды. 39 елге 100 млн доллардан астам тауар сатылды.
2020 жылы экспорттық бағыттар саны 119 болды. Оның ішінде 10 млн доллардан азы 64, оның ішінде 1 млн доллардан азы 37 мемлекет. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу