Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады – Президент

258

Мемлекет басшысы инвестициялық климатты жақсарту, заңнаманы жетілдіру, адал бәсекені қорғау және инвесторлармен тікелей диалог өрбіту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады – Президент Фото: akorda.kz

“Халықаралық зерттеу және рейтинг агенттіктерінің бағалауына сәйкес, жуықта Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге зер салсақ, еліміз көптеген салада, атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, инновациялық саясат, цифрландыру, ЖИ-ді дамыту, сыртқы саясат, ғылым және білім, заң үстемдігі қағидатын орнықтыру, қоршаған ортаны аялау, экологиялық мәдениетті ілгерілету, волонтерлік қозғалысты қолдау, ең маңыздысы, адамның құқығы мен бостандығын қорғауда елеулі прогреске қол жеткізді. Бұл қағидаттардың барлығы Конституцияда бекітілген. Азаматтар, Президент ретінде мен де оны мүлтіксіз сақтауымыз қажет. Біздің ұранымыз – "Бірлігіміз – әралуандықта!". Аталған қағидатқа сүйене отырып, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бар күшімізді саламыз. Осылайша, барлық шетелдік, соның ішінде Бельгия компанияларына қолайлы әрі ашық іскерлік климат қалыптастырдық”, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу