Қазақстан Алепподағы лаңкестік актіге қатысты мәлімдеме жасады

664

Қазақстан Алепподағы лаңкестік актіге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан 2017 жылдың 15 сәуірінде Сирияның Алеппо қаласында болған лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды. Бұл қылмыстан үкімет пен қарулы оппозиция арасындағы тиісті уағдаластық аясында Әл-Фуа және Кефрая аудандарынан көшіріліп жатқан 100-ден астам адам құрбан болды.

Сирия халқына, қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және жараланғандардың тез сауығып кетуін тілейміз.

Бейкүнә азаматтардың, әсіресе балалардың өлімі жиіркендіреді және ерекше ызаны келтіреді. Бұл – террористтердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі.

Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу