Қазақстан алғаш рет Bloomberg Innovation Index тізіміне енді

680

Германия экономикасы ең инновациялық деп танылды.  

Қазақстан алғаш рет Bloomberg Innovation Index тізіміне енді

Қазақстан Bloomberg Innovation Index тізімінің 59-шы сатысында тұр. Тізім 200 елдің экономикасындағы инновациялық өзгерістерді зерттеу арқылы жасалған. Биылғы жылы еліміз бұл рейтингке алғаш рет енді. Қазақстаннан бөлек бірінші рет тізімнен табылған елдер қатарында Алжир, Мысыр және Макао бар. Ал Германия экономикасы ең инновациялық деп танылған. Бұған дейін алты жыл қатарынан Оңтүстік Корея көш бастап келген. 

"2020 жылы Германия бірінші орын алды. Бұл алты жылға жалғасқан Оңтүстік Корея жеңісіннен кейін жүзеге асты. Сонымен қатар АҚШ бір сатыға төмендеп, 9-шы орынға жайғасты",  – делінген Bloomberg агенттігі таратқан хабарламада.

Жалпы Innovation Index 2013 жылдан бері жарияланып келеді. Бастапқыда АҚШ бірінші орында болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу