Қазақстан алғаш рет ISAR төрағасы болып сайланды

1000

ISAR төрағасы болып Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің директоры Арман Бектұрова тағайындалды. 

Қазақстан алғаш рет ISAR төрағасы болып сайланды

Қазақстан Женевада алғаш рет Халықаралық бухгалтерлік есеп және есептілік стандарттары жөніндегі үкіметаралық топтың (ISAR) төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

ISAR төрағасы болып Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің директоры Арман Бектұрова тағайындалды. Бұл туралы осы күндері Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ISAR 36-шы сессиясында белгілі болды.

Қаржы министрлігінің өкілі ISAR ресми мүшесі ретінде тұрақты дамуға ықпал ететін есеп берудің сапасы мен халықаралық салыстырылуын жақсартуға белсенді қатысады.

ISAR БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы ретінде (ЮНКТАД) бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту саласындағы  озық тәжірибелермен алмасу үшін және ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін жаһандық және инклюзивті форум ретінде құрылды. Сараптамалық зерттеулермен айналысады, жыл сайын сессиялар мен семинарлар өткізеді, халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибелер мен техникалық көмек жобаларын іс жүзінде енгізуге көмектесетін құжаттар әзірлейді.

Биылғы 36-шы ISAR сессиясының тақырыбы – бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы соңғы жаңалықтар, сондай-ақ ортақ мәселелер мен шешімдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу