Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушысы атанды

155

Еліміз майлы өнімдердің әлемдік нарығында өз позициясын нығайтты.  

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушысы атанды Фото: canva

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майын экспорттаушылардың үздік ондығына кірді. Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майы өндірісі 2,5 есе, ал экспорт көлемі 4,8 есе артты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік күнбағыс майын экспорттаушыларының ішінде 8-орынға шығып, Еуропалық Одаққа жеткізушілердің үздік үштігіне енді. Сондай-ақ, май, ұн және торт өнімдерінің экспортын екі есе арттыру көзделген. Бұл үшін бидайдан майлы дақылдарға, әсіресе күнбағысқа басымдық берілмек. Қазақстан бүгінде өнімін Орталық Азия мен Қытайға экспорттап отыр, алдағы уақытта Таяу Шығыс елдеріне де шығарылмақ.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов Қазақстан бәсекеге қабілетті ойыншы бола алатын май өнімдері мен жем-шөптің жаһандық нарығы 43 миллион тоннаға бағаланатынын айтты – бұл қазақстандық экспорттың ағымдағы көлемінен 42 есе көп.

Оның айтуынша, мұндай перспектива мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін жүйелі үйлестіруді талап етеді.

Қазақстанның халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтуға бағытталған 2025-2027 жылдарға арналған экспорттық Жол картасы әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу