Қазақстан Alibaba-дағы отандық кәсіпорындар санын 150-ге жеткізбек

975

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, аталмыш платформа отандық кәсіпкерлерге "Қазақстан сауда үйін" ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Alibaba-дағы отандық кәсіпорындар санын 150-ге жеткізбек

"Ірі платформаларға біздің экспорттаушыларды шығару – арнайы бағдарламамыз арқылы реттеледі. Мысалы Alibaba платформасына алдағы үш жылдың ішінде 150 өндіруші мен экспорттаушыларымызды шығаруға жоспарлаған едік. Осы платформа бізге Қазақстан сауда үйі деген мәртебе алуға мүмкіндік беріп отыр. "Алтын аккаунт" деп атаймыз оны. Сол үшін тұрақты сатушыларымызды осы платформаға орналастыруымыз керек. Екі жылдың ішінде 100 сатушы енді. Енді бір жылда олардың саны 150 болайын деп отыр", деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ алаңында.

Оның айтуынша қазір кондитер өндірушілері секілді платформада кәсіпкерлеріміз бар. Бірақ олардың өнімдерінің көлемі 18 млн доллар болса, оның көлемінің әлеуетін арттыру болашағы зор. 

"Өйткені тауарымыздың сұранысы жоғары. Бір жылдың ішінде біздің сатушылар оны дәлелдеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу