Қазақстан әлімнің 80 мемлекетіне өнім экспорттамақ

593

Жапонияға жылқы және сиыр етін шығару көлемі артады. 

Қазақстан әлімнің 80 мемлекетіне өнім экспорттамақ

Президент жолдауын іске асыруға қатысты брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деп мәлімеді. 

"Қазіргі кезде Қазақстан әлемнің 67 еліне 3,2 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды. Енді бал мен өңделген күбағыс майын ЕЭАО елдеріне экспорттау көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Жапонияға жылқы және сиыр етін тасымалдау көлемін көбейтеміз. Бұған қоса ауыл шаруашылығы өнімдерін Таяу Шығыс елдері мен Қытайға экспорттау көлемін арттырамыз. Осылайша бүгінде әлемнің 67 мемлекетіне өнім шығарсақ, жыл соңына дейін олардың санын 80-ға жеткізбекпіз", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу