Қазақстан алтын қоры бойынша 18-орында

1432

Қазақстан алтын қоры бойынша 18-орында

Ұлттық банк алтын-валюта резервіндегі алтынның көлемін бірте-бірте арттырып келеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

World Gold Council деректеріне сәйкес, 2018 жылғы 1 наурызда алтын қорларындағы қымбат металдар қоры 303 тоннаны (1 ақпандағы жағдай бойынша 301 тонна) немесе еліміздің халықаралық резервтерінің 41,3% асты.

Салыстыру үшін, 2017 жылдың аяғында (1 желтоқсан) олар 291,9 тонна немесе 37,5% құрады. 2016 жылдың соңында Ұлттық банкте 258,1 тонна алтын (халықаралық резервтердің 27,1%) болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан әлемнің 100 елі ішінде қымбат металдар қорында есепті айда 18-орынға ие.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың есепті айының басында ең үлкен алтын қорының иесі АҚШ (8133,5 тонна) болды. Ресей 6-орында, оның сақталуында 1857,7 тонна металл немесе 17,9% халықаралық резервтері бар. Қытайдың алтын қоры Ресейден асып түсті. Аспан асты елінде – 1842,6 тонна. Бірақ Қытай иеленетін халықаралық резервтер құрылымында алтын 2,4% ғана құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу