Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде нешінші орында?

6593

Елдегі алтын қоры 381,5 тоннаға жетті.

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде нешінші орында? Фото: 7kun.kz

 Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметтеріне сәйкес, елдегі бағалы металл көлемі 2022 жылдың 1 қарашасында қазан айына қарағанда 6,7 тоннаға артты. 

Алтын қоры бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 15-орынға тұрақтады. Бұл Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банк есебінсіз алғандағы көрсеткіш. Еліміз Португалия (382,6 тонна) мен Сауд Арабиясы (323,1 тонна) ортасында орналасты, деп жазады inbusiness.kz  LS сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзі бойынша АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна), Ресей (2,2 мың тонна) елдерінде ең көп алтын қоры бар.

Ақпаратқа сәйкес, 18 қарашада Comex биржасында алтын бағасы троя унциясы үшін 1,76 мың доллардан сатылуда.

Ұлттық банк сайтында 1 грамм қымбат металл құны 26 335 теңге деп бағаланған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу