Қазақстан алтын қоры бойынша Түркия мен Өзбекстаннан озды

2466

Еліміз Алтын бойынша әлемдік кеңес (WGC) тізімінде 14 орынға тұрақтады.

Қазақстан алтын қоры бойынша Түркия мен Өзбекстаннан озды

Қазақстанның алтын қоры өткен тоғыз айда 9,2% немесе 32 тоннаға өсті. Бұл туралы Алтын бойынша әлемдік кеңестің қазан айындағы есебінде айтылды.

WGC мәліметтеріне сүйенсек 2019 жылдың 1 қазанында елдегі қымбат металдың көлемі 377,3 тонна (1 қаңтарда – 345,4 тонна) болған. Өсім көлемі – 9,2% немесе 32 тонна. Осылайша Қазақсанның алтын қоры еліміздің халықаралық резервінің 66% құрап отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан бағалы металл көлемі бойынша 14 орында (ХВҚ есебінсіз) және Португалия (382,5 тонна) мен Түркияның (362,5 тонна) ортасында тұр.

Алтын қоры бойынша әлемдегі үштікті АҚШ – 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 тонна, Италия – 2,4 мың тонна көрсеткішпен бастап тұр. Екі көршімізге келсек, Ресей WGC тізімінде 2,2 мың тоннамен бесінші, Қытай 1,9 мың тоннамен алтыншы орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу