Ақпан айының соңында Қазақстанның халықаралық резерві 29,9 млрд долларды құрады. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 1,9%-ға, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары, деп хабарлады Finprom.kz.
Резервтің валюталық бөлігі азайып келе жатыр. Оның көлемі ақпанда 9,6 млрд доллар болды. Айта кетсек, 2015 жылдың ақпан айында 21,5 млрд доллар болған. Одан бері төмендеп, 11,9 млрд-қа азайған.
Валюталық бөлігі азайғанымен, халықаралық резервтің алтын қоры ұлғайып келеді. Соңғы бір жылда 33,7%-ға немесе 5,1 млрд долларға ұлғайып, 20,3 млрд долларға жетті. Ал соңғы бес жылда 26,1%-дан 67,9%-ға артты. Бұған себеп - әлемдік нарықта алтын бағасының өсуі. 31 наурыздағы жағдай бойынша алтын құны унциясына 1618,3 долларға жетті. Жыл басынан бергі өсім – 5,4%.
Айта кетейік, дамыған елдердің көпшілігінің халықаралық резервінде алтын қоры көбірек. Мысалы, Еуро Одақ елдерінде алтын үлесі – 58,6%.
Құралай Құдайберген