Қазақстан алтыны көп ТОП-20 елдің қатарына кіреді

Елдегі аффинирленген алтын өндірісі 2 есе ұлғайған.  

Қазақстан алтыны көп ТОП-20 елдің қатарына кіреді Фото: Ustinka.kz

Мұндай тың мәліметті Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, соңғы 10 жылда елімізде алтын құрамды кен өндіру 2,2 есеге артқан. Бұл – өте жақсы нәтиже. Вице-министр бұл ақпаратты елордада өткен халықаралық тау-кен металлургия конгресінде айтты. 

– Металдар – жай ғана тауар емес, олар экономикалық және саяси күштің құралы. Ғаламдық бәсекелестік күшейіп жатқан жағдайда Қазақстан тұрақтылықты, бейтараптықты және болжамдылықты сақтап келеді, – деді ол. 

Иран Шарханның сөзіне сенсек, еліміз бірнеше металл түрі бойынша әлемдегі ірі өндірушілердің қатарында бар. 

– Бүгінде Қазақстан – көптеген жыл бойы титан, мыс, алюминий, мырыш пен қорғасын, ферроқорытпалар, сондай-ақ бериллий, тантал және ниобий сияқты металдарды өндіру және жеткізу бойынша әлемдік нарықтағы негізгі ойыншылардың бірі. Соңғы 10 жылда алтын құрамды кен өндіру 2,2 есе артты, соған сәйкес аффинирленген алтын өндірісі 2 есе ұлғайды. Бұл Қазақстанның әлемдегі алтын қорына ие ТОП-20 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік берді, – деп қоса кетті вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу