"Қазақстан алюминийі" экологияны сақтауға бағытталған жұмыстары туралы есеп берді

1478

"Қазақстан алюминийі" АҚ-ның жасыл желек қоры 70 гектарды құрайды. 

"Қазақстан алюминийі" экологияны сақтауға бағытталған жұмыстары туралы есеп берді

Биыл "Қазақстан алюминийі" АҚ санитарлық қорғау аймағына 2765 түп жапырақты және 220 түп қылқанжапырақты ағаш отырғызған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында кәсіпорынның өндіріс жөніндегі вице-президенті Владимир Боргер айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Оның ішінде солтүстік өндірістік аймақтағы кәсіпорындар мен Павлодар қаласының тұрғын үй құрылысы арасындағы жасыл белдеуде пирамида тәрізді 550 түп терек егілді. Бұл көшеттер зауыттың орман тәлімбағында өсіріледі. "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның жасыл желек қоры 70 гектарды құрайды. Бүгінде кәсіпорын мемлекет басшысының "жасыл экономикаға" көшу және өндірістік процестерді цифрландыру, соның ішінде табиғатты қорғау бағыттарын толығымен қолдайды", – дейді Владимир Боргер.

Спикер атмосфералық ауаны қорғау үшін "Қазақстан алюминий зауыты" АҚ-ның Павлодар алюминий зауытында тиімді тазалау әдістері қолданатынын атап өтті.

2018 жылдан бастап кәсіпорын мамандары Павлодар алюминий зауытының жентектеу пештерінде газ тазарту қондырғыларын ауыстыру жобасын іске асыруды бастаған. Сондай-ақ №1 және №7 пештерді газдан тазартуды жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде атмосфераға таралатын қатты заттардың эмиссиясы кем дегенде 10 мың тоннаға азаяды деп жоспарлануда.

"Бұдан басқа, биылғы жылы Зеленстрой кенті ауданындағы Павлодар алюминий зауытының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаға үздіксіз бақылау жүргізу үшін экологиялық мониторинг жүйесі орнатылған. Аталған құрылғы нақты уақыт режимінде қашықтықтан бақылауды жүзеге асырады. Бұл бағытта заманауи үлгіде жабдықталған аккредиттелген зертханалар да маңызды үлес қосуда", - дейді Владимир Боргер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу