АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан мен АҚШ арасында Каспий құбыр консорциумының қауіпсіздігі мәселесі талқыланғанын айтты.
"Иә, біз КТК қауіпсіздігін талқыладық. Бұл тек Қазақстан үкіметімен ғана емес, мұнайды үздіксіз және қауіпсіз тасымалдау үшін өз жұмысында консорциумға сенетін түрлі компаниялардың өкілдерімен де келіссөздер жүргізілді. "ҚазМұнайГаз" мемлекеттік компания болғандықтан, бұл компанияның, инвесторлардың және Қазақстан үкіметінің жауапкершілігінде", - деді АҚШ елшісі.
Ол Қара теңіздегі жағдайдың күрделі екенін, бірақ әскери іс-қимылдар оларға ешқандай әсер етпеуі үшін коммерциялық және азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігі туралы келісім болғаны дұрыс, деп қосты.
Апаттарға байланысты КҚК-да бірнеше рет жұмыс шектелді. Шілде айында Маңғыстау атом электр стансасындағы энергоблок апатты түрде тоқтап қалуына байланысты еліміздегі Каспий құбыр консорциумы электр қуатынсыз қалды.