Қазақстан Амур жолбарысын жерсіндіру үшін дайындалып жатыр

747

Ол үшін Балқаш көлінің аумағында 415 мың гектарды құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған.

Қазақстан Амур жолбарысын жерсіндіру үшін дайындалып жатыр

Бұл туралы Владивостокта Шығыс экономикалық форумы аясында өтіп жатқан жолбарыстарды қорғау жөніндегі II халықаралық форумда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

"Біз биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі конвенцияға қатысушы мемлекет ретінде экожүйені сақтау мен қалпына келтіруге қамқорлық жасаймыз. Өткен ғасырдың ортасында Тұран жолбарысы Қазақстан аумағында мекендегенін ескере отырып, жолбарысты жерсіндіру туралы шешім қабылданды. 2025 жылға қарай Қазақстан үкіметі реинтродукцияға алғашқы қадам жасайды деп үміттенеміз", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, генетикалық зерттеулер Тұран жолбарысының ДНҚ бойынша Амур жолбарысына ең жақын екенін көрсетті. 2010 жылдан бері республикада жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы әзірленуде. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі Балқаш көлінің аумағында 415 мың гектарды құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрды. Мұнда 64 қызметкер жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу