Қазақстан анимациясының апталығы басталды

80

 Бұл – балаларға, жасөспірімдерге және отбасылық көрерменге арналған отандық мультфильмдердің коммерциялық емес көрсетілімдерінен тұратын мәдени жоба. 

Қазақстан анимациясының апталығы басталды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Республика бойынша Қазақстандық анимация апталығы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұйымдастырушылар заманауи туындыларды барлық көрерменге қолжетімді етпек. Тегін сеанстар Астанадағы "Арсенал" және Қарағандыдағы "Сарыжайлау" кинотеатрларында өтеді. Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерімен бірлескен жоба аясында көрсетілімдер елордадағы Әскери-патриоттық орталықта және еліміздің шалғай өңіріндегі әскери гарнизондарында – Семей, Отар, Сарыөзек, Алматыда ұйымдастырылмақ. Бұл іс-шара әскери қалашықтарда тұратын отбасылар мен балалар жаңа мультфильмдерді тамашалауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада түрлі жас ерекшелік пен талғамға сай туындылар бар. Толықметражды ертегілермен қатар, авторлық қысқаметражды туындылар да ұсынылады. Көпшілік 2025 жылдың жаңа мультфильмдері мен "Қазақфильм" мен Ұлттық киноны қолдау орталығының алтын қорына енген үздік ленталарды тамашалай алады.

Бастаманы  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып жатыр. Жоба ұлттық анимацияны дамыту мен нарықты мемлекеттік тілдегі сапалы контентпен байыту мақсатында жүзеге асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу