Қазақстан аралас сайлау жүйесіне көшеді

2237

Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық корпустың қалай құрылатынын айтты.

Қазақстан аралас сайлау жүйесіне көшеді

Сайлау жүйесінің аралас моделіне көшу туралы ҚР Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Аралас сайлау жүйесіне көшу барлық азаматтардың құқықтарын толығымен ескеруге мүмкіндік береді. Пропорционалды-мажоритарлық модель ұлттық және аймақтық деңгейдегі сайлаушылардың мүдделерін жақсырақ көрсетеді. Мәжілістің депутаттық корпусы мынадай жүйе бойынша құрылады, 70%-ы пропорционалды негізде, 30%-ы мажоритарлық негізде", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда аралас үлгі енгізіледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу