Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Есептік кезеңде көлік саласында нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады. Транзиттік контейнерлік тасымалдардың жүктер көлемі 5 пайызға өсімі байқалады, 834,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Бұл ретте Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүктердің жалпы көлемі 19,7 млн тонна болатын оң үрдісті көрсетеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға жоғары", - деді Қайырбек Өскенбаев. Оның атап өтуінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,1 пайызды құрады. "Оң динамика Маңғыстау, Қарағанды, және Абай облыстарын қоспағанда 17 өңірде байқалады", - деді министр.