Қазақстан арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағытына 286 мың ЖФБ контейнер тасымалданған

1216

Алматыда Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалы бойынша жұмыс тобының төртінші отырысы болып өтті. 

Қазақстан арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағытына 286 мың ЖФБ контейнер тасымалданған

Қытай-Еуропа-Қытай бағдары бойынша тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты 2019 жылдың бірінші тоқсанының және 2018 жыл  қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Алматыда Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалы бойынша жұмыс тобының төртінші отырысы болып өтті. Отырысқа Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Қытай темір жолдары статистикасы мәліметінше, 2018 жылы Қытай-Еуропа-Қытай қатынасында 4128 контейнерлік пойыз (Ресей мен Беларуссияға белгіленген контейнерлік пойыздарды есептемегенде) ұйымдастырылған, бұл 2017 жылғыға қарағанда 59% артық.

Қытай – Еуропа – Қытай бағытында Қазақстан аумағы арқылы 286 мың ЖФБ контейнерлер тасымалданса, бұл 2017 жылғыға қарағанда 61% көп.

"Біздермен контейнерлік пойыздарды оңтайлы жолмен құруды қолдану тәжірибесі сәтімен жүзеге асырылуда. Ұзынқұрамды контейнерлік пойыздарды өткізу технологиясы енгізілген",– деді жиында ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов.

Отырыс қорытындысы бойынша Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздармен тасымалдау жөніндегі бірлескен жұмыс тобының рәсім ережелерін бекітті. Қатысушылар клиенттерге кешенді қызмет көрсету есебінен теміржол тасымалы тартымдылығын арттыру мақсатында өнімдер мен сандық сервистерді бірлесе құру жөніндегі жұмысты белсенділендіруге уағдаласты.

Бірлескен жұмыс тобының бесінші отырысын Гданьскіде (Польша) өткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу