Қазақстан арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдаудың жаңа құны бекітілді

916

Қазақстан арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдаудың жаңа құны бекітілді

Энергетика министрлігі 2017-2018 жылдары Қытайға ресей мұнайын тасымалдау құнын айқындады. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" компаниясы мәлім етті.

Компанияның мәліметі бойынша, жылына 10 млн тоннаға дейін мөлшерде ресейлік мұнайды тасымалдау құны 1 тонна үшін – ҚҚС-ты есептемегенде 11 АҚШ доллары 36 цент болып бекіді, оның ішінде:

1) Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, "Атасу" БМАС-та мұнайды ауыстырып құюды қоса алғанда ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 3 АҚШ доллары 11 цент;
2) Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 8 АҚШ доллары 25 цент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу