Қазақстан арқылы өтетін ұшақтар санының артуы қосымша табыс әкеледі

1623

Қазақстан аэронавигациялық жүйесі ешқандай шектеулерсіз әуе қозғалысын қабылдай алады. Еліміздің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.

Қазақстан арқылы өтетін ұшақтар санының артуы қосымша табыс әкеледі

Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны артты. Соңғы тәулікте Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жоспарланбаған 257 рейс орындалған, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдеріне бағытталған транзиттік рейстердің көпшілігі қазір Еуропаның оңтүстік дәліздері арқылы орындалуда. Бұл ретте әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына бағытталған. Соңғы тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалған.

"Республиканың аэронавигациялық жүйесінің өткізу қабілеті ешқандай шектеусіз әуе қозғалысының қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар арнайы шаралар қарастырылған: қосымша секторлар ашу, кезекші ауысымдарды күшейту және азаматтық-әскери үйлестірудің өзара іс-қимылы, түзетілген және балама бағыттар ұсыну, Қазақстанның әуеайлақтарына қонатын кемелер үшін әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беруді оңайлату және т.б", – деп жазылған хабарламада.

Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс әкеледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу