Қазақстан арқылы Өзбекстанға есірткі алып өткісі келген азамат ұсталды

850

Бұндай қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру көзделген.­­

Қазақстан арқылы Өзбекстанға есірткі алып өткісі келген азамат ұсталды

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Өзбекстан азаматын 3,5 кг есірткі контрабандасы кезінде ұстады. Аталған факті Сарыағаш ауданындағы "Жібек-Жолы" өткізу бекетінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталған.

ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азамат Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан Өзбекстанның Самарқан облысына бара жатқан. Есірткіні өз автокөлігіне жасырған.

"Сот сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат "каннабис шайыры" болып табылады және есірткінің ауыр түріне жатады, ол үшін 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру көзделген",­­– делінген ведомсто таратқан ақпаратта.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған азамат тергеу кезеңіне сот санкциясымен қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу