Ташкентке мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин Ресей Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кеңейтілген құрамда өткен келіссөздерде Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстан арқылы Өзбекстанға Ресей газын жеткізудің басталғанын еске салды.
"Қазір экспорт кестеден бұрын жеткізіліп жатыр, қажет болған жағдайда бұл көлемді ұлғайтуға дайынбыз", — деді Ресей басшысы.
2023 жылғы 7 қазанда екі ел президенттері Владимир Путин, Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия —Орталық" магистральдық газ құбыры арқылы Ресейдің табиғи газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитін бастады.
Путин сондай-ақ "экономиканың басым салаларында металлургиялық кластер, газ-химия кешені, мыс-байыту фабрикасын салу бойынша көптеген ірі инфрақұрылымдық жобаларды пысықтап жатқанын" атап өтті.
"Флагмандық жобаларға жетекші ресейлік несие ұйымдары, соның ішінде ВЭБ мемлекеттік даму корпорациясы, "Газпромбанк" қаржылық қолдау көрсетеді", — деді ол.
Ресей мемлекетінің басшысы екі елдің өңірлер кеңесінің отырысында "көптеген ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы бірқатар өңіраралық құжаттарға қол қойылатынын" хабарлады. Путин Ресей Федерациясының 80-ге жуық субъектісі Өзбекстан облыстарымен белсенді өзара әрекеттесетінін атап өтті.