Тараптар арасында Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Қытайға газ құбырын тарту мәселесі талқылануда. Бұл туралы Үкімет кулуарларында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
"Тараптар арасында Ресейден Қазақстанның солтүстігі арқылы ҚХР-ға газ құбырын тарту мәселесі талқылануда. Алдын ала маршрут анықталды, аталған газ құбырын тарту шарттары анықталуда", – деді министр.
2023 жылдың ақпан айында экс- Энергетика министрі Болат Ақшолақов QazaqGaz бен "Газпром" халықаралық газ құбырын салу мәселесін талқылап жатқанын хабарлады.
Сол кезде ол құбыр Қостанай - Астана - Павлодар - Семей – Өскемен арқылы өтеді деп атап өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу