Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі 17,6 миллион тоннаны құрады

1119

Теміржол көлігімен – 16,12 млн тонна, ал автомобиль көлігімен – 1,48 млн тонна жүк тасымалданған.

Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі 17,6 миллион тоннаны құрады

2018 жылғы 11 айда Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемі – 17,6 млн тоннаны құрап (теміржол көлігімен – 16,12 млн тонна, автомобиль көлігімен – 1,48 млн тонна), 1,7 млн тоннаға немесе 10,6%-ға артты (2017 жылғы 11 ай – 15,9 млн тонна), деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Жоспар бойынша биыл 17,5 млн тонна тасымалдануы керек болатын (теміржол көлігімен – 16 млн тонна, автомобиль көлігімен – 1,5 млн тонна).

Сонымен бірге, 2018 жылдың 11 айы бойынша жалпы транзитті контейнерлер көлемі 468,8 мың ЖФБ (жиырма футтық балама) контейнер құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артты (2017 жылғы 11 ай – 311,5 мың ЖФБ контейнер).

Жыл нәтижесі бойынша 536 мың ЖФБ контейнер тасымалдау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу