Қазақстан арқылы ұшатын жолаушылар саны 47 пайызға өсті

1229

Қазақстан арқылы ұшатын жолаушылар саны 47 пайызға өсті

Әуе транзиті  жолаушыларының саны 47%-ға өсті. Бұл туралы үкімет отырысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша баяндаған ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, азаматтық авиация саласында биыл көрсеткіштер өсімінің оң қарқыны сақталуда. Қаңтар-қазан айларында әуе көлігімен 6,7 миллион жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға көп (2017 жылы 10 ай - 6,1 млн адам).

"10 айда еліміздің әуежайлары 12,7 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6%-ға (12,0 млн адам) жоғары. Биыл қаңтар-қазан кезеңінде транзиттік жолаушылар  саны 764 442 адамға жетті. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47%-ға артық (2017 ж. – 520 814 адам)", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Биыл жыл басынан бері қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушылардың қатысуымен 13 жаңа бағыты ашылды.

Қазіргі уақытта Семей қаласы әуежайының ұшу-қону және жермен жүру жолағын, аэровокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жұмысты биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен бірге, биыл Қостанай қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту басталды. Жоба 2019 жылы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу