Қазақстан Армиялық халықаралық ойындарға тек бір жарыс түрінен қатысады

929

Өткен жылы Қазақстан құрамасы 39 елдің арасында үш алтын, екі күміс және тоғыз қола медаль жеңіп алып, бірінші орынды қанжығысына байлаған болатын.  

Қазақстан Армиялық халықаралық ойындарға тек бір жарыс түрінен қатысады

2020 жылғы әскери халықаралық ойындарға тек бір жарыс түрінен қатысуға шешім қабылданды. Қазақстан атынан сынға түсетін команда тек "Танк биатлоны" жарысына қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік таратқан хабарламада қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, коронавирусқа ПТР-тестілеу екі рет өткізілетіні атап өтілген.

Биылғы армиялық ойындарға неліктен бір ғана спорт түрінен қатысатындығын министрлік былай түсіндірді: "Бұл шешім қабылдаушы елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің атқаратын міндеттеріне, ел азаматтарына коронавирус инфекциясыменмен күресуде көмек көрсетуіне, мерзімді әскери қызметке жоспарлы шақыруға, сондай-ақ халықаралық іс- шараны ұйымдастыру мен өткізуге қаражат үнемдеуге байланысты болып отыр". 

Айта кетсек, Қазақстан Армиялық халықаралық ойындарға жыл сайын қатысып келеді. Өткен жылы Қазақстан құрамасы Еуропа, Азия, Орталық және Латын Америкасы, Африка сынды 39 елдің арасында өткен жарыста үш алтын, екі күміс және тоғыз қола медаль жеңіп алып, бірінші орынды қанжығысына байлаған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу