Қазақстан армиясы заманауи ұрыс жағдайына бейімделген даярлықты күшейтуде

281

Жиында заманауи соғыс жағдайына бейімделген әскери дайындық мәселелері талқылануда.  

Қазақстан армиясы заманауи ұрыс жағдайына бейімделген даярлықты күшейтуде Фото: gov.kz

Қаныш Әбубәкіров жетекшілігімен Алматы өңірлік гарнизоны аумағында оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында заманауи қарулы қақтығыстар жағдайына бейімделген жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру мәселелеріне басымдық берілуде. Жиынға Қарулы күштердің әртүрлі құрылымдары, Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері қатысып жатыр.

Бітімгер оқу орталығы базасында әскерлерді даярлаудың жаңартылған тәсілдері таныстырылып, бөлімдердің күнделікті қызметін жоспарлау бойынша көрсетілім сабақтары өтті.

Сондай-ақ әскери қызметшілер үшін цифрлық шешімдерді пайдалану, байланыс пен басқаруды ұйымдастыру, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров қазіргі заманғы ұрыс жағдайы әскерлердің жауынгерлік және дене дайындығын үздіксіз жетілдіруді талап ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу