Қазақстан "АрселорМиттал Теміртауды" басқаруға шетелдік инвесторларды тартпайды

Жаңа инвестор келгенде компаниядағы қызметкер саны, жалақысы, еңбек шарты өзгермейді. 

Қазақстан "АрселорМиттал Теміртауды" басқаруға шетелдік инвесторларды тартпайды Фото: gmk.center

Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын болашақта басқару үшін ешқандай шетелдік инвесторларды тартпайды, деп мәлімдеді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

"Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының меншігі Қазақстанға өткеннен кейін шетелдік инвесторларды қарастырмайды", – деді Шарлапаев сейсенбі күні өткен үкімет брифингінде.

Сонымен қатар ол жаңа инвестор келгенде компаниядағы қызметкер саны, жалақысы, еңбек шарты өзгермейтінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні АМТ-ға қарасты Костенко шахтасындағы жарылыс салдарынан 46 кенші қаза тапты. Мемлекет басшысы "АрселорМиттал Теміртау" - ел тарихындағы ең нашар компания болды, деп мәлімдеді. Президент компаниямен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма беріп, тиісті шара қабылданатынын айтты.

Жексенбі күні "АрселорМиттал Теміртау" активті Қазақстанға беру туралы үкіметпен келісім жасасқанын растады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ халықаралық ArcelorMittal болат концернінің бөлігі болып табылады және Қазақстандағы 15 көмір кеніші мен темір рудасына иелік етеді. Болат зауытының нысандарында төтенше жағдайлар, соның ішінде адам өлімі бір емес, бірнеше рет орын алған. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 17 тамызында "Казахстанская" көмір кенішінде конвейер лентасы өртеніп, ірі апат болды. Бұл кезде шахтада 227 адам болған, оның 222-сі эвакуацияланып, бесеуі қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу