Кондитерлер қауымдастығы үкімет басшысынан көмек сұрады

962

Кондитерлер қауымдастығы үкімет басшысынан көмек сұрады

Қазақстанның сусын мен кондитер өнімдерін шығарушыларылары импорттық қантсыз қалуы мүмкін. Бұл туралы аталған өнімді шығаратын кәсіпорын өкілдері Алматыдағы конференцияда айтты, деп хабарлайды lsm.kz.

Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбектің айтуынша, Белорусь пен Ресейдің тәтті өндіретін ірі концерндері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бұдан былай сырттан қант сатып алуға тиым жасау үшін ұсыным дайындап жатыр.

Олардың наразылығын тудырған нәрсе, Қазақстан өндірушілері қантты баж салығынсыз шеттен әкелуінің кесірінен, өз кәсіпкерлері шаш етектен шығынға батып жатқан көрінеді.

Бұған дейін Қазақстанда қант өндірісі әлсіздеу болғандықтан, одақтастар алыс шетелдерден шекерді кедендік баж салығынсыз тасымалдауға рұқсат еткен еді. Соның нәтижесінде, Кубаның арзан қантын алып келдік.

"Егер біз қантты Кедендік одаққа кірмейтін елдерден алсақ, онда оның бағасына 30-40 пайыз баж қосылады. Бұл дайын өнім бағасының қымбаттауына әкеледі. Егер ЕАЭО елдерінен тасымалдасақ, онда Ресей мен Белорусь алпауыттарына баға жағынан бағынып қаламыз", - дейді Әлихан Талғатбек.

Енді бұл мәселені Ресей Ереванда өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің отырысында көтермекші.

Осыған байланысты, кондитерлер қауымдастығы үкімет басшысынан көмек сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу