Қазақстан әскері әлемдік рейтингте Өзбекстаннан бір саты төмен тұр

271

U.S. News АҚШ аналитикалық агенттігі жыл сайынғы әлемдегі ең күшті армиялардың рейтингін жариялады.

Қазақстан әскері әлемдік рейтингте Өзбекстаннан бір саты төмен тұр Фото: gov.kz

Өзбекстанның қорғаныс саласындағы айтарлықтай жетістіктері сарапшылардың назарынан тыс қалмай, көршілес елге 19-шы орын берілді. Қазақстан рейтингте 22-орынға жайғасты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әдеттегідей рейтингтегі бірінші орынды Ресей Федерациясының Қарулы Күштері иеленді. Агенттік сарапшылары ресейлік әскерилердің Украина аумағындағы ұрыс қимылдары кезінде алған жауынгерлік тәжірибесін жоғары бағалап отыр.

Бұрын тұрақты түрде рейтингтің бірінші сатысында тұрған АҚШ армиясы екінші орынға түсті. Сарапшылар мұны америкалық әскерилердің кең ауқымды қақтығыстағы технологиялық тұрғыдан дамыған қарсыластарына қарсы жауынгерлік операцияларда тәжірибесінің жоқтығымен байланыстырады.

Израиль армиясы рейтингте айтарлықтай ілгерілеп, үшінші орынға көтерілді. Рейтингтің жоғары болуы Израиль армиясының технологиялық басымдылығы мен әскери қимылдарды жүргізудегі бай тәжірибесіне байланысты.

Қытай төртінші, Оңтүстік Корея бесінші орынды сақтап қалды. Иран алтыншы орынға көтерілсе, Ұлыбритания жетінші орынға төмендеді.

Ресей әскерлеріне қарсы тұруда ерлік пен төзімділік танытқан Украина Қарулы Күштері сегізінші орынды иеленді. Украинадан кейін Германия (9-орын) мен Түркия (10-орын) тұр.

Орта Азия елдері арасында Өзбекстан көш бастап, бір жыл бұрын Қазақстан иемденген 19-орынға табан тіреді. Ол кезде көрші ел 18-орында еді. Биыл Қазақстан үш саты төмен түсіп, 22 орынға жайғасты. Одан кейін Әзербайжан (29-орын) тұр. Барлығы рейтингте 89 мемлекет қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу