Еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшақ жеткізілді.
Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары бар Ми-35М тікұшағын әртүрлі метеожағдайларда тиімді қолдануға болады. Негізгі аталмыш функцияларынан басқа Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, науқастар мен жараланғандарды медицина қызметкерінің еріп жүруімен тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түрлеріне теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.
Айта кетейік, тікұшақтарды жеткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен "Рособоронэкспорт" кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.