Қазақстан әскери дәрігерлерді дайындау үшін курсанттарды қай елдерге жібереді

1205

Қорғаныс министрлігі медициналық мамандықтарға оқыту үшін курсанттарды іріктеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Қазақстан әскери дәрігерлерді дайындау үшін курсанттарды қай елдерге жібереді

Қазақстан әскеріне медицина мамандарын Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери-медицина факультеті, Санкт-Петербургтегі Әскери-медицина академиясы және Ереван мемлекеттік медицина университетінің әскери-медицина факультеті дайындайды. Биыл оқу орындарына 40 курсантты оқуға қабылдау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академия ұлдарды да, қыздарды да оқуға қабылдайтынын атап өту керек.

Оқу барысында курсанттар толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

Оқуды аяқтаған болашақ әскери дәрігерлерге "лейтенант" әскери атағы беріледі. Жас мамандарда Қарулы күштерде әскери қызмет өткере отырып, интернатурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік бар.

Әскери оқу орындарына түскісі келетін талапкер биылғы жылдың мамыр айынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына хабарласуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу