Қазақстан әскери күштері Беларуське жетті

870

Минскіге Өзбекстан мен Тәжікстаннан әскерилер де келді.

Қазақстан әскери күштері Беларуське жетті Фото: ашық дереккөз

Беларусь Республиканың Тәуелсіздік күніне арналған әскери шеруге қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің салтанатты сабы барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Минск шеруіне сегіз елдің — Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қытайдың әскери қызметшілері қатысатыны айтылған болатын.

Жаяу әскерилерден басқа, 3 шілдеде шеруге басқа елдердің әскери техникасы, соның ішінде ресейлік Ка-52, Ми-28 және Ми-26 тікұшақтарының тобы қатысады.

Тәуелсіздік күніне арналған шеру дәстүр бойынша Минскіде жеңімпаздар даңғылы мен Машеров даңғылының қиылысында "Минск — Батыр қала" стеласында өтеді. Биылғы жылы көрермендер әскерилердің салтанатты сабынан басқа 250-ге жуық техниканы, оның ішінде дрондарды, жаңартылған т-72БМ2 танкі мен "Ескендір" кешенін көреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу